|
14.06.2023 | 19:55
1377

Жаңбырды қолдан шақыру әдістері көп – ғалым

Жауынға қатысты технологиялар өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бері қолданылады

Жаңбырды қолдан шақыру әдістері көп – ғалым ru.slovoidilo.ua

Бұлттарды бағыттап, жаңбырды қолдан жаcауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Иә, расында ертегі секілді естілгенімен, дамыған технология мұндай мүмкіндікке ие. Бұл тұста ғалымдар жаңбырды қолдан шақырудың әдістері көп, алайда бәрі бірдей тиімді емес деп отыр.

Жаңбырға қатысты технологиялар өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бері қолданылады.

Оның бір әдісі күміс иондарды әуеге атқылау арқылы бұлт шөгеді. Бұлттарға дұрыс әсер еткен күннің өзінде жауын-шашын мөлшерін әрі кетсе 10-15 пайызға көбейтуге болады деді ғалым. Бірақ бұл әдістер барлық мәселені шешеді деп сенуге болмайды екен. Себебі табиғи жауын-шашын өте аз жауатын немесе мүлде жаумайтын аймақтарда жасанды жаңбыр жаудыру мүмкін емес.

«Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды мысалға алсақ, ол жақтағы климаттың өзі құрғақ. Ондағы бұлттардың шөгуінің өзі өте сирек. Сондықтан қолдан жаңбыр жасау өте қиын. Оған тым көп энергия керек. Ал өрт шалған аймақта жауынды қолдан жасап, ондағы өртті сөндіру үшін тағы да бұлт жасақтау керек. Ал ондағы климаттың құрғақтығы мен өрттің ыстығын ескерсек, жасанды жаңбыр шақыру мүмкін емес», – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі Азамат Қауазов.

Жалынды жауынмен басу үшін де жаңбырлы аймақ керек екен. Сонда ғана ғалымдар бұл ғажайып физикалық құбылыс аса үлкен еңбекпен жүзеге асуы мүмкін деп болжайды. Онда да дәл сол өрт болып жатқан аумаққа бұлтты бұрып әкелуге ғана мүмкіндік бар.

Ал бұл әдістің табиғатқа зияны болуы әбден ықтимал. Өйткені кез келген табиғи циклдің үрдісін бұзу, ол аномалиялық өзгерістерге алып келеді. Мәселен жауынның жылдағы жауған мерзімін, бағытын өзгерту кей өңірде қуаңшылық тудыруы ғажап емес дейді.

«Қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзу, әрине, қауіпті. Үнемі жауын-шашынды аймаққа тиесілі жаңбырды басқа арнаға бұрып жіберу сол ортаға зиян әкеледі. Әрі бұл сондағы елдімекеннің тұрғындарының немесе жан-жануарлардың тұрмысын қиындатады», – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі Азамат Қауазов.

Мәселен 2021 жылдың қазанында Маңғыстаудың жергілікті билігі өңірдегі құрғақшылықты жасанды жаңбыр арқылы ауыздықтайтынын айтып, жасанды жолмен жаңбыр шақыру әдісін енгізген еді. Бірақ пилотты жоба көпшілік күткендей нәтиже бермеген екен. Ал орман өртеніп жатқан Абай облысында синоптиктер жуырда жаңбыр жауады деп болжап отыр. Алайда «Қазгидромет» мамандары жауын-шашын ұзаққа созылмайтынын, тек температура сәл ғана төмендейтінін айтты.

Әлібек Шынтемір, Жақсылық Тілепперген, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Абай облысында алдағы күндері жауын-шашын болмайды – синоптиктер

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир