Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Фото: ru.forwallpaper.com
Фото: ru.forwallpaper.com
Ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы ықтимал
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктем келсе де, көкекте көктайғақ болуы мүмкін. Мұндай құбылмалы ауа-райы сейсенбіде басталып, жұмаға дейін жалғаспақ. Бұл жайында «Қазгидромет» өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

11-12 сәуір түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында аракідік жауын-шашын болады. Жаңбыр, тіпті қарға ұласуы мүмкін. Скандинавия аймақтарынан келетін антициклон әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы ықтимал.

«Күндіз ауаның температурасы жоғарылайды. 13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометр бағаны 10-18 градусты көрсетсе, оңтүстігінде 17-30 градусқа дейін көтеріліп, ыстық болады», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Новости партнеров