Алматыда келесі апта күн ашылады

04.05.2019 02:21

Ауа температурасы күндіз 23-28 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде

Синоптиктер Алматы қаласы мен аумағында алдағы аптада жауын-шашын тоқтап, күн жылынады дейді.

Түнде ауа температурасы 3-8 градус нөлден  жоғары, ал күндіз  23-28 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алдағы күндерде Алматы қаласында және таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Ауа температурасы түнде 0,5 градус, ал күндіз 10-15 градус нөлден жоғары болады. Ал таулы аймақтарда ауа райы Алматы қаласына қарағанда 3-4 градусқа төмен болады. Таулы аймақтарда жауын-шашын, тіпті қар жаууы да ықтимал», – дейді «Қазгидрометтің» Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуова.