Шақпақ асуы аумағынан 110 адамды эвакуациялады
Жамбыл облысында 37 бала қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Шақпақ асуы аумағынан 110 адамды эвакуациялады. Оның 73-і ересек, 37-сі бала. Тиісті ведомствоның ақпарынша, тас жолда қалғандар жақын орналасқан ауылдағы мектепке жеткізілді.
Оларға психологиялық көмек көрсетілген. Зардап шеккендер жоқ.