Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде қатты жаңбыр болжауына байланысты, беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес «Қазгидромет» РМК 2024 жылғы 31 шілдедегі жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды.
Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Егер жаңбыр жауған кезде сіз сыртта болсаңыз:
Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз.
Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:
Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзенге батып кеткен қыз әлі табылмайды