|
09.07.2019 | 09:56
4458

Қазақстанның 7 облысында аптап ыстық болады

В Кызылординской, местами в Актюбинской, Карагандинской, Туркестанской, Жамбылской, Алматинской областях сохраняется чрезвычайная пожарная опасность

Қазақстанның 7 облысында аптап ыстық болады  Borovoe.kz

9-10 шілде күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы 40-41 градус болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«9 шілде күндіз Атырау облысында 35-38 градус, 9 шілде күндіз Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық, Жамбыл облысында кей жерлерде 39 градус қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерлерде 41 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында да 9 шілдеде кей жерлерде қатты ыстық 36 градус ыстық,  найзағай, бұршақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарламада.

Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі.

10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болжанады.

9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир