Келер аптада Алматыда күн жылынады. Бұдан кейін аяз қайталана ма? Ал алдағы демалыс күндері алып шаһар тұрғындары мен қонақтарын қандай күн райы күтіп тұр? Бұл сұрақтардың жауабын «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ бермек.
– Дәулет мырза, алдағы сенбі-жексенбі күндері оңтүстік астана мен таулы аймақтарда қандай ауа райы күтілуде?
– Осы демалыс күндері Алматы қаласында ауа райы жақсы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде – 4,6 градус суық болады. Күндіз + 3,5 градус жылы болады. Таулы аумақта да дәл солай. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Ауа температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады.
– Ал келер аптаның ауа райына қатысты қандай болжам жасап отырсыздар?
– Алдағы аптада Алматы қаласында ауа райы жауын-шашынсыз, жақсы болады. Ауа температурасы түнде – 4-6 градустан 0-ге дейін көтеріледі. Ал күндіз 0-ден + 8-10 градусқа дейін жылынады.
– Жауабыңызға рахмет, Дәулет!
Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы