Алматыда алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Ылғалды ауа массасының ықпалынан күн райы тұрақсыз болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы мен Алматы облысында алдағы күндер жауын жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Cала мамандары батыстан келген ылғалды ауа массасының ықпалынан ауа райы тұрақсыз деп түсіндіреді.

– Алматы облысының басым бөлігінде, сонымен қатар таулы тау бөктерінде және Алматы қаласындағы ауа райы батыстан келген суық ылғалды ауа массасына байланысты өзгеріп отыр. Алматы қаласында және Алматы облысының оңтүстік аудандарында түнде және таңертең жауын жауады. Алматы қаласында ауа температурасы түнде 3-5 градус жоғары болады. Ал максималды ауа температурасы 11-13 градустан жоғары болады. Ал ертеңнен бастап ауа райы ашық болады. Алматы қаласында алдағы күндерде, түнде ауа температурасы 3-5 градус жоғары, күндіз 13-15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, – деді «Қазгидрометтің» Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші маманы Гүлтаңсық Медеуова.

Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады

Новости партнеров