|
16.08.2023 | 21:19
365

Алдағы күндері ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі

Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, кей өңірде жел күшеймек

Алдағы күндері ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі baq.kz

Еліміздің 3 облысында ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. «Қазгидромет» мамандары алдағы уақытта күн ысиды деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, кей өңірде жел күшеймек. Ал еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік облыстарында жауын-шашын болмайды.

– Атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен еліміздің батысы мен шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Ал еліміздің солтүстік, оңтүстік, орталық аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін, – деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Мақпал Ботаева.

Оқи отырыңыз: Климатты реттейді: Қазақстан ғалымдары құрғақшылықты жоятын технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир