14 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сүйенсек, республика бойынша екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі, орталықта бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында, батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі бар.