Қар аралас жаңбыр жауады: 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

24.09.2023 15:34

Кейбір өңірлерде өрт қаупі сақталады

Фото: chemwatch.net

Астана

24 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Жетісу облысы

24 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.

Абай облысы

24 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын ( жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде обылстың батысында 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысы

24 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Қостанай қ: 24 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

24 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

24 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 24-26 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 24-26 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

24 қыркүйекте түнде Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 24 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

24 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. 24 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 24 қыркүйекте түнде тұман, топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі

Түркістан облысы

24 қыркүйекте түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 24 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

24 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

24-26 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 24-26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 25-26 қыркүйекте екпіні 23 м/с күтіледі. 24-26 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 24-25 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 24-26 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

22-24 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 22-24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы ауа райы болжамы