Ұлытау облысы
28 қазанда күндіз кей уақытта Ұлытау облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Жетісу облысы
28 қазанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.
Ақтөбе облысы
28 қазанда түнде Ақтөбе облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 28 қазанда түнде көктайғақ күтіледі. Күндіз тұман күтіледі.
Ақмола облысы
28 қазанда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі
Атырау облысы
28 қазанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 28 қазанда тұман күтіледі.
Қостанай облысы
28 қазанда күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 27 қазанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысы
28 қазанда Манғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 28 қазанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
28 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. г. Уральск: 28 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысы
28 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
28 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысы
28 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Алматы қ.: 28 қазанда кей уақытта тұман күтіледі.
Жамбыл облысы
28 қазанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 28-29 қазанда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 28 қазанда облыстың таулы аудандарында, 28-29 қазанда тәулік облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 29 қазанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Оқи отырыңыз: Елімізде демалыс күндері күн райы қалай өзгереді