Қазгидромет су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жариялады
"Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына және су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түркістан облысы
28 наурызда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз солтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, таулы аудандарында өте қатты жаңбыр болады. Кей уақыттарда найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с жетеді.
Шымкент, Түркістан қалалары: 28 наурызда жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Жамбыл облысы
28 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 28 наурызда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 29 наурызда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай болады. 28-30 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 28-30 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 28-29 наурызда күндіз, 30 наурызда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Тараз қ.: 28-29 наурызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. 28-30 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 28-29 наурызда күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с, 30 наурызда түнде кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
Павлодар облысы
28 наурызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар қ.: 28 наурызда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады.
Жетісу облысы
28 наурызда күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Талдықорған қ.: 28 наурызда батыстан жел соғады, күннің соңында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
28 наурызда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 28 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
28 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе қ.: 28 наурызда көктайғақ болады.
Ақмола облысы
28 наурызда түнде Ақмола облысының батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Астана
Астана қ.: 28 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысы
28 наурыз Атырау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 28 наурызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
2024 жылдың 28 мен 31 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой аудандарындағы Ойыл, Жем өзен алаптарында су деңгейі көтеріледі және өзенннің төменгі ағысында орналасқан елдімекендері, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.
Қарағанды облысы, Ұлытау облысы
Сарысу өзенінде су деңгейі қауіпті белгілерге жақындаған. Аталған аумақтар мен жақын маңдағы елдімекендерді су басу қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысы
28 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 28 наурызда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Қостанай облысы
28 наурызда күндіз Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қ.: 28 наурызда тұман түседі.
Алматы облысы
28 наурызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 17-22 м/с.
Қонаев қ.: 28 наурызда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Қызылорда облысы
28 наурызда түнде Қызылорда облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың шығысында найзағай, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында 23-28 м/с жетеді.
Қызылорда қ.: 28 наурызда найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Маңғыстау облысы
28 наурызда Маңғыстау облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с жетеді.