Кейбір аудандарда қолайсыз ауа райы болады
Жетісу облысы
23 қарашада күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысы
23 қарашада күндіз Манғыстау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 23 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
23 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 23 қарашада түнде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
23 қарашада Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
23 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
23 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Шымкент қ.: 23 қарашада түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.
Павлодар облысы
23 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 23 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Алматы облысы
23 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Алматы қ.: 23 қарашада кей уақытта қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Қонаев қ.: 23 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 18-23 м/с.
Қарағанды облысы
23 қарашада түнде Қарағанды облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 23 қарашада түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысы
23 қарашада Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай қ.: 23 қарашада көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Ұлытау облысы
23 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 23 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғалы, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
23 қарашада түнде Абай облысының оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
23 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысы
23 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Батыстын, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 23 қарашада түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
23 қарашада Түркістан облысының басым бөлігінде, 24 қарашада солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с және одан аса күтіледі.
Шымкент қ.: 23-24 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Туркестан қ.: 23-24 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы
Тараз қ.: 23-24 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, 23 қарашада тәулік бойы, 24 қарашада күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 23 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 22 қарашада кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с, 23 қарашада екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қ.: күндіз 22, тәулік бойы 23 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
22-23 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Оқи отырыңыз: Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды