Алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

ТЖМ ресми телеграм каналы
ТЖМ ресми телеграм каналы

Демалыс күндері солтүстігі мен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабаолайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республика аумағына батыс антициклон ығысып, сонымен байланысты жауын-шашынның уақытша тоқтауы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болжанады.

Батыста қатты ыстық 35-38 градус күтіледі, 24-25 тамызда солтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус болады.

«Көптеген облыста ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде қатты ыстық 35 градусқа дейін, оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі. Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да пойыз екі адамды қағып, біреуі көз жұмды

Новости партнеров