Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта орналасқан", – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқындылығы:
Оқи отырыңыз: Алматыда 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ауа райы қандай болады