Аптап ыстық: ТЖД алматылықтарға үндеу жариялады

16.05.2025 21:34

17 мамырда Алматыда  күн қатты ыстық болады.

Almaty.tv

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап, ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжауынша, 17 мамырда Алматыда сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ыстық болады.

Төтенше жағдайлар департаменті мынандай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз;
  • бір желіге бірнеше электр құрылғыларды қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;
  • балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз;
  • қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесінен қорғану үшін серуендеуден бас тартуға шақырды

Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болады