Бірнеше облыстың жүргізушілеріне ескерту жасалды

25.10.2025 14:20

Жолдарда тайғақ пен көктайғақ болуы мүмкін

Depositphotos

25–27 қазан күндері Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының автожолдарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасына сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамына сәйкес, аталған өңірлерде:

  • жаңбыр соңы қарға ұласып,

  • жолдарда тайғақ пен көктайғақ болуы мүмкін.

 Метеорологтар мен жол қызметтері жүргізушілерге:

  • жылдамдықты төмендетуді,

  • қашықтықты сақтауды,

  • көлік дөңгелектерін маусымға сай жабдықтауды,

  • ауа райы болжамын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.

«Қауіпті метеожағдай жолда басқаруды қиындатады. Сондықтан сақтық шараларын сақтаған жөн» — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады