Синоптиктердің болжамын сүйенсек, Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең циклон ықпалын сақтайды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктердің болжамын сүйенсек, Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең циклон өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар, боран, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, таулы аймақтарда боран күтіледі. 18 желтоқсанға арналған болжам бойынша қарлы жауын-шашын күшейеді.
«Республиканың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болуы ықтимал», – делінген ауа райы болжамында.
Ауа температурасы да өзгеріске ұшырайды:
Оқи отырыңыз: Алматыда 15-21 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады