Кей аймақтарда 42 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсеріне Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз елдің орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін, жекелеген аудандарда дауыл мен бұршақ жауады. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. ҚР солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
Күндіз Жетісу облысында 35-39 градус қатты ыстық, Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық, Жамбыл облысында 38-40 градус қатты ыстық, Түркістан облысында 40-41 градус қатты ыстық, Абай облысында және Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының солтүстік-батысында, орталығында 40-42 градус қатты ыстық, Алматы облысының батысында, солтүстігінде 42 градус қатты ыстық, күндіз Абай облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Астанада құбылмалы бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус нөлден жоғары, күндіз қатты ыстық 36-38 градус болады.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус нөлден жоғары, күндіз қатты ыстық 38-40 градус болады.
Оқи отырыңыз: 26 шілдеге арналған валюта бағамы