Бүгін еліміздің кей өңірінде жаңбыр аралас қар жауады

Аlmaty.tv / Виталий Фатчев
Аlmaty.tv / Виталий Фатчев

Сенбіге арналған ауа райы болжамы қандай

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Белсенді оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, республиканың шығысында қатты қар, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша бұрқасын болып, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Түркістан облысының таулы асуларында, Абай облысының орталығында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан аса жел соғады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -13…-15°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар аралас, жел жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.

Ақтөбеде ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -14…-16°C.

Атырауда ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -4…-6°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -8…-10°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, қар жауады, жел жылдамдығы 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -10…-12°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -20…-22°C, күндіз -13…-15°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар аралас, жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -24…-26°C, күндіз -13…-15°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -3…-5°C.

Павлодарда бұлтты, қар жауады, жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -13…-15°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -13…-15°C.

Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар аралас, жел жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар аралас, жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-4°C, күндіз +2…+4°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -19…-21°C, күндіз -9…-11°C.

Өскеменде бұлтты, қар жауады, жел жылдамдығы 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C.

Оқи отырыңыз: 7 ақпанға арналған валюта бағамы

Новости партнеров