Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 14 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Республиканың көп бөлігіне оңтүстік циклонға және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететіндіктен, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Палодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі болады.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда, Атырау облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Күндіз Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C болады.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 3-8, екпіні 18-23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +29...+31°C болады.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +36...+38°C болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 16-22 маусым аралығында ауа райы қандай болады