Бүгін Қазақстанның кей өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 3 мамырда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай болып, жаңбыр жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады», - делінген хабарламада.

ҚР шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жел, шаңды дауыл соғады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында 2-3 градусқа дейін үсік жүреді. Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, Ақмола облысының шығысында  топырақ бетінде 1-2 градусқа дейн үсік жүреді.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан  облыстарында, Алматы облысының батысында, орталығында, Атырау, облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе  облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында,  Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында  жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, аязға байланысты, күндіз +19...+21°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +31...+33°C.

Оқи отырыңыз: Сәуірде Қазақстанда инфляция 1,2%-ды құрады

Новости партнеров