Бүгін кей өңірде қар жауса, кей өңірде күн ашық болады

Mira Baibek
Mira Baibek

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атлантикалық циклонның және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады. ҚР ҚР-ның батысында, оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - делінегн хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстінінде тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, бұрқасын, көктайғақ болады, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Күндіз және түнде ауа температурасы 0°C шамасында болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы күндіз 6-8°С, түнде -1°С-1°С-қа дейін болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы күндіз 11-13° жылы, түнде 0-2° жылы болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы күндіз 13-15° жылы, түнде 5-7° жылы болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, көктайғақ болып, жел 7-12 м/с күшейеді. Ауа температурасы күндіз 4-6°С, түнде 3-5°С жылы болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз +12-ден +14°C-қа дейін, түнде +3-тен +5°C-қа дейін жылы болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы күндіз +4-6°С, түнде 0-2°С жылы болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0-ден +2°C-қа дейін, түнде 0-ден -2°C-қа дейін жылы болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +1 градустан +3 градусқа дейін, түнде 0 градустан +2 градусқа дейін жылы болады.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Күндіз ауа температурасы +8-ден +10°C-қа дейін, түнде -1°C-ден +1°C-қа дейін төмендейді.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы +4-6°С, түнде 0-ден -2°С-қа дейін төмендейді.

Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Күндіз ауа температурасы +8-ден +10°С-қа дейін, түнде -3-тен -5°С-қа дейін төмендейді.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 0-ден +2°С-қа дейін, түнде -1°С-тан -3°С-қа дейін төмендейді.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел жылдамдығы 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы +1°С-тан +3°С-қа дейін, түнде -1°С-тан +1°С-қа дейін жылы болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, бұрқасын, жел жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +3°С +5°С, түнде -1°С-тан -3°С-қа дейін жылы болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз +9°С-тан +11°C-қа дейін, түнде -3°C-ден -5°C-қа дейін жылы болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Күндіз ауа температурасы +11°С-тан +13°C-қа дейін, түнде -1°C-ден -3°C-қа дейін жылы болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз +11°С-тан +13°С-қа дейін, түнде 0°С-тан +2°С-қа дейін жылы болады.

Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +8-ден +10°C-қа дейін, түнде +3-тен +5°C-қа дейін жылы болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы күндіз +1 градустан +3 градусқа дейін, түнде 0 градустан -2 градусқа дейін жылы болады.

Оқи отырыңыз: 8 қарашаға арналған валюта бағамы

Новости партнеров