Бүгін кей өңірде жаңбыр жауады: сенбінің ауа райы болжамы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша жел күшейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 31 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстианның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауады. Тек елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында жоғары өрт қаупі болады.

Қызылорда,  Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді, тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Абай, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, жел 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы күндіз +27...+29°C болады.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел 3-8 м/с күшейеді. Күндізгі температура +22…+23°C болады.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с соғады. Күндізгі ауа температурасы +29…+31°C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2-8 маусым аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров