Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Республиканың басым бөлігіне циклон мен соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететіндіатен, найзағай ойнап, бұршақ, елдің батысында, солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында, Палодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында-Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында, Атырау облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматының батысында, солтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Күндіз Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады.
Астанада — құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°, күндіз +26+28° болады.
Алматыда — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°, күндіз +30+32° болады.
Шымкентте — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°, күндіз +37+39° болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 16-22 маусым аралығында ауа райы қандай болады