Еліміздің бірнеше аймағында жоғары өрт қаупі сақталады
Синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейіп, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген хабарламада.
Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, шөлді аудандарда, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 7-13 қазан аралығында ауа райы қандай болады