Елімізде барлық бағыт бойынша жол ашық

depositphotos.com
depositphotos.com

«112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлағаны жөнінде SMS-хабарлама алған кезде бұған назар аударуды және елдімекендерден ұзақ сапарға шықпауды ескертті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша қазір елімізде барлық бағыт бойынша жолдар ашық, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 7 қараша сағат 08:00-де бұған дейін жабылған мына республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы қайта жанданды:

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек.» автожолының 16-200-шақ., (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).

• «Астана – Ерейментау - Шідерті» автожолының 200-254-шақ., (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Компания қазақстандықтарға «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлағаны жөнінде SMS-хабарлама алған кезде бұған назар аударуды және елдімекендерден ұзақ сапарға шықпауды ескертті.

Ауа райы

2025 жылғы 7 қарашада Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 қараша аралығында ауа райы қандай болады

 

Новости партнеров