Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Аружан Мұратова алдағы күндері қай өңірлерде күн суытатын атап өтті
«Қазгидромет» мамандары еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің дерегінше, солтүстік өңірлерде күн суытып, жерге қатқақ түседі. Түнде ауа температурасы +1, +3 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей аймақтарда түнгі уақытта -2°С дейін үсік жүруі ықтимал. Бүгіннің өзінде Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауды.
«Алматы» телеарнасының студия қонағы «Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Аружан Мұратова алдағы күндері қай өңірлерде күн суытатын атап өтті.
«Күздің жылы күндерінен кейін солтүстік өңірлердің тұрғындары қыстың лебін сезінді. Түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткішке дейін төмендеп кейбір аудандарда жаңбыр қарға ұласты. Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырып, оңтүстік өңірлерде де ауа райы суытады. 1 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ 1 қазанда күндіз ауа температурасы 5-10 градус төмендеуі, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді».
– Алматыда алдағы күндері жаңбыр жауа ма? Жауын-шашын мөлшері қанша болады деп болжап отырсыздар? Қала тұрғындарына ескерту бар ма?
«Алматы қаласы бойынша 30 қыркүйек ауыспалы бұлтты түнде және таңертең жаңбыржауып, найзағай соғады. Солтүстік батыста 3-8 метр/сек, кей жерлерде 18 метр/сек екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 күндіз 21-23 градус жылы. 1 қазанда күн бұлтты, таңертең және күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Шығыста 3-8 метр/секунд, кей жерлерде 13 метр/секунд екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус жылы, ал түнде суытады. 2 қазанда түнде жауын-шашын түседі, тұман, шығыс, оңтүстік шығыстан 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 күндіз 8-10 градус жылы».
– Еліміз бойынша қазір өрт қаупі жоғары аймақтар бар ма? Бар болса, нақты қай өңірлерде қауіп басым?
«Түркістан, Қызылорда облыстарында Атыраудың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында Жамбыл облысының батысында,солтүстігінде, орталығында, БҚО-ның шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі жоғары аймаөтар бар».
Оқи отырыңыз: Қостанай облысына қар түсті