Еліміздің қай өңірлерінде көлік қозғалысы шектелді

Depositphotos
Depositphotos

Төрт өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 07:15–те Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, көрінудің шектелуі) байланысты «Алматы –Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 25-67-шақырымдары (ААП– Қонаев қаласы) аралығында барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жолды 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 10:00–де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ төрт өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді. Бұл шара ауа райының бұзылуына, температураның төмендеуі, көктайғақ, ұсақ қардың жаууына байланысты енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елдімекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман — Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Ауа райы

1 желтоқсанда Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1-7 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

 

Новости партнеров