Ертең Алматыда 11 градусқа дейін күн жылынады

valentin hintikka / Unsplash
valentin hintikka / Unsplash

Синоптиктер бейсенбі күні елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болатынын айтты 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертең, яғни 13 наурызда Алматыда ауа температурасы +11°C дейін жылиды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Синоптиктер бейсенбі күні елімізде жауын-шашынсыз, ашық райы ауа болатынын болжап отыр. Оның ішінде үш мегаполисте:

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0°C шамасында болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде термометр -2...-4°C, күндіз +9...+11°C болады.

Шымкентте ауа райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +17…+19°С болады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қар көшкіні облыстық маңызы бар жолды жауып қалды

Новости партнеров