Тұман, көктайғақ, жел: сенбіге арналған ауа райы болжамы

23.11.2024 09:30

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Фото: unsplash.com (Paul Gaudriault)

Бүгін еліміздің бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv. "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағы арқылы ауысып, соның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі, күн ашық болады.

Алматыда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады, жауын-шашын жаумайды.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні - 15-20 м/с болады

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан аса болады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 25 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады