Қазақстанда 30–38 градусқа дейін аяз болады

12.01.2026 21:58

Антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады

Almaty.tv

Алдағы күндері елімізде аяз басталады. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градус аязға дейін төмендейді.

Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады.

Елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады