Қар аралас жаңбыр, жел, көктайғақ: полиция алматылықтарға ескерту жасады

polisia.kz
polisia.kz

Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар өңірінде, соның ішінде Алматы қаласы аумағында жауын-шашын, аяз болады және ауа температурасы біршама төмендейді. Әдетте, ауа райының нашарлауы жалпы жол-көлік жағдайына әсер етеді. Осыған байланысты Алматыда тұрғындарына полиция жол қозғалысы ережелерін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады. Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырады.

"Жауын-шашынның мол түсуі қаладағы жол қозғалысын айтарлықтай қиындататыны белгілі: кептелістер болады. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпсіздігі: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдай тудырады, қауіпті маневрлер жасайды, өзара сыйластық танытпайды, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Мұның бәрі жолдағы жағдайға кері әсерін тигізеді", — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар департаментте тәжірибеге сәйкес, жол-көлік оқиғаларының саны ауа райы нашар күндері айтарлықтай артатыны айтылды.

Оқи отырыңыз: Биыл Отбасының цифрлық картасы арқылы 231 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

 

 

Новости партнеров