Қазақстанда күн суытады

Gleb Kuzmenko/unsplash.com
Gleb Kuzmenko/unsplash.com

16 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста қар жауады деп болжанған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер алдағы үш күнде – 14, 15 және 16 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын солтүстік және оңтүстік циклондар анықтайды. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. 16 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста қар жауады деп болжанған. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран күтіледі.

"Түнде ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында 10-18 градус аязға дейін, солтүстікте және орталықта 15-25 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 10-17 градус аязға дейін, ал таулы аймақтарда 20-27 градус аязға дейін төмендейді", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 16-22 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров