Кей өңірде үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Антициклон сілемі ықпалынан Қазақстанның солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қалған аумақта оңтүстік циклонға және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4 +6°C, күндіз +19°C +21°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +8 +10°C, күндіз +21°C +23°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +13-15°С, күндіз +31-33°С.

Ақтау: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы 9–14 м/с, түнде екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12-ден +14°C-қа дейін, күндіз +20-дан +22°C-қа дейін.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C.

Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел жылдамдығы 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +18...+20°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +18...+20°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9 +11°C, күндіз +21°C +23°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7-ден +9°C-қа дейін, күндіз +20-дан +22°C-қа дейін.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +12-ден +14°C-қа дейін, күндіз +29-дан +31°C-қа дейін.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +7-ден +9°C-қа дейін, күндіз +19-дан +21°C-қа дейін.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде 4-9, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +20...+22°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +22...+24°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +32...+34°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +22...+24°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы: түнде +6...+8°C, күндіз +20...+22°C.

Оқи отырыңыз: 20 қыркүйекке арналған валюта бағамы

Новости партнеров