Кей өңірде қар жаууы мүмкін: 18 қазанға арналған ауа райы болжамы

18.10.2026 09:33

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытып, үсік жүреді

Mira Baibek

Бүгін еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, еліміздің батысында жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. Шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.

Атап айтқанда:

  • Астана: түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C, тұман түседі, жауын-шашын болмайды.
  • Алматы: түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C, жауын-шашынсыз.
  • Шымкент: түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C, тұман түсіп, жел соғады.
  • Ақтау: түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
  • Ақтөбе: түнде 0…+2°C, күндіз +20…+22°C.
  • Атырау: түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C, күндіз жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
  • Жезқазған: түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.
  • Қарағанды: түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C,түнде және таңертең тұман түседі.
  • Көкшетау: түнде -1…-3°C, күндіз +13…+15°C.
  • Қонаев: түнде +1…+3°C, топырақ бетінде 1–3 градус үсік жүреді, күндіз +15…+17°C.
  • Қостанай: түнде -1…-3°C, күндіз +17…+19°C.
  • Қызылорда: түнде +4…+6°C, күндіз +19…+21°C, күндіз жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
  • Павлодар: түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.
  • Петропавл: түнде -1…-3°C, күндіз +12…+14°C.
  • Семей: түнде жаңбыр аралас қар жауады, температура түнде +1…+3°C, күндіз +5…+7°C.
  • Талдықорған: түнде -3…-5°C, күндіз +14…+16°C.
  • Тараз: түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
  • Түркістан: түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C, жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін.
  • Орал: түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.
  • Өскемен: түнде жаңбыр аралас қар жауады, температура түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C.

Республиканың бірқатар өңірінде үсік пен өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында, Алматы облысының солтүстігі мен батысында түнде 1–7 градус үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында және Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1–2 градус үсік болады.

Сонымен қатар Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде және Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, сондай-ақ Жетісу облысының шығысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Оқи отырыңыз: 18 қазанға арналған валюта бағамы

Толық көрсету