Жаңбыр жауа ма: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды

Almaty TV
Almaty TV

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», - делінген хабарламада.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Абай облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алаштанушы Ғарифолла Әнес дүниеден өтті

Новости партнеров