Көктайғақ, тұман: алдағы демалыста күн райы қандай болады

09.01.2026 14:57

Алдағы күндері республика бойынша тұман басып, жел күшейеді

 

Almaty.tv

Синоптиктер алдағы үш күнге қатысты ауа райын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар түседі.

10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшейеді.

11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы –3…+3 °C шамасында болады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда 5-11 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады