Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді

09.01.2026 14:54

Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен спортшылар қатысады

Depositphotos.com

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Маңызды республикалық жарыс бүгін басталады.

Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.

Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Аталған чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.

Оқи отырыңыз: Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған жүзден астам адам жауапқа тартылды