Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті
Бүгін сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қостанай облысында:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырымы аралығында (Әулиекөл-Ақмола обл. шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
Ақмола облысында:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы аралығында (Қостанай обл. шекарасы-Сұрған) — «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық) — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін