Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Depositphotos
Depositphotos

Облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құтқарушылар облыс тұрғындарын қар көшкіні қаупі туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 "Алматы облысының тауларында 1-2 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды", – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Оқи отырыңыз: 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

 

Новости партнеров