Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: бүгінгі ауа райы болжамы қандай

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кей өңірде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Циклонға және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Тек елдің орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Түркістан облысының орталығында, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда, Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жаңбыр жауып, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20м/с болады. Ауа температурасы күндіз 23+25 °C, түнде +18+20 °C болады.

Алматыда күн ала бұлтты болады, кешкі уақытта жауын жаууы мүмкін, жел 3-8 м/с күшейеді Ауа температурасы күндіз +30+32 °C, түнде +20+22 °C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20м/с. Ауа температурасы күндіз +29+31 °C, +18+20°C, түнде +18+20 °C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 маусым аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров