Бүгін қай өңірлерде қар жауады - синоптиктер болжамы

Фото: unsplash.com (Aaron Burden)
Фото: unsplash.com (Aaron Burden)

Республика бойынша көктайғақ болып, тұман түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Ел аумағының басым бөлігіне циклон ойпаты әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, облыстың батысында қар, түнде оңтүстік-батыста қалың қар жауады. Елдің оңтүстік-шығысында, шығысында ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша көктайғақ, қарлы тұман болып, жел күшейеді», - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -27...-29°C, күндіз -16...-18°C болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -23...-25°C, күндіз -13...-15°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз 0...-2°C болады.

Алматы облысының шығысында, орталығында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.  

Атырау облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.  

Қарағанды облысының шығысында, орталығында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде боран, күндіз облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңерең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.    

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.  

Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Оралда көктайғақ болады деп болжанады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.  

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Қызылордада кей уақытта көктайғақ, тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.  

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.  

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23 м/с.  

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с.  

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с дейін жетеді.  

Оқи отырыңыз: Алматыда 16-22 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров