Көпшілік үшін бұл құбылыстар байқалмай өтуі мүмкін, алайда ауа райына сезімтал адамдар белгілі бір белгілерді сезінуі ықтимал
Магниттік дауылдар — жай ғана астрономиялық құбылыс емес, миллиондаған адамның денсаулығына әсер ететін нақты фактор. Ауа райына тәуелді жандар, егде жастағылар және жүрек-қан тамырлары немесе жүйке жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар үшін геомагниттік белсенділік күндері жайсыздық тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаңтар айы ғалымдардың ерекше назарында, себебі қысқы күн тоқырауынан кейін Күн белсенділігі біршама уақыттан соң байқалатын өршулермен көрінеді.
Болжамдар әртүрлі ғылыми институттардың деректеріне сүйене отырып жасалады. Оларды салыстыру арқылы толық көрініс алуға болады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ай ішінде үш негізгі кезең күтіледі:
4 қаңтар – әлсіз магниттік дауыл, Астана уақытымен шамамен 23:00-де басталады. Белсенділік деңгейі толыққанды геомагниттік дауыл шегінен (G1) төмен болады.
9 қаңтар – шамамен 23:00-де магнитосфераның әлсіз толқулары мүмкін.
14 қаңтар – толқулардың басталуы 23:00 шамасында күтіледі, ұзақтығы бір тәулікке дейін созылуы ықтимал.
Неғұрлым нақты әрі өзекті деректерді РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы ұсынады. Олардың нақтыланған болжамына сәйкес, негізгі күндер төмендегідей:
5 қаңтар – магнитосфераның қозуы күтіледі;
10 қаңтар – әлсіз толқу, қарқындылығы 5 баллға дейін;
16 қаңтар – магнит өрісінің әлсіз ауытқулары мүмкін;
19 қаңтар – магнитосфера тұрақсыз болатын күн.
2026 жылдың қаңтарында болжанған барлық құбылыстар әлсіз деңгейге жатады. Олардың қарқындылығы 10 балдық шкала бойынша 4–5 баллдан немесе халықаралық жіктеме бойынша G1 деңгейінен аспайды. Яғни, бұл қуатты геомагниттік дауылдар емес, Жердің магнит өрісіндегі қысқа мерзімді ауытқулар. Көпшілік үшін олар байқалмай өтеді, бірақ ауа райына сезімтал адамдар кейбір тән белгілерді сезінуі мүмкін.
Жалпы алғанда, қаңтар айында магнитосфера тынышсыз болатын негізгі күндер:
4 қаңтар (23:00 шамасында) – әлсіз дауыл;
5 қаңтар – әлсіз магниттік толқу;
9 қаңтар (23:00 шамасында) – әлсіз дауыл;
10 қаңтар – әлсіз толқу (5 баллға дейін);
14 қаңтар (23:00 шамасында) – әлсіз дауыл, тәуліктік ауытқулар мүмкін;
16 қаңтар – магниттік тұрақсыздық кезеңі;
19 қаңтар – әлсіз толқу.