Республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар
"Қазгидромет" синоптиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың болжамына сәйкес, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар:
Оқи отырыңыз: Астана мен 15 облыста дауылды ескерту жарияланды