Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
Ақорда
Бұл туралы Ақ үй басшысы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбіткенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй басшысы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Трамптың айтуынша, әңгіме барысында тараптар қазіргі қақтығыстарды реттеудің маңызын, сондай-ақ елдер арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған.
Сонымен қатар АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қатысуға шақыру ниетін білдірді.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35