Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

18.01.2024 04:54

Президент бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр

Ақорда

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.