|
19.07.2023 | 00:07
4326

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті

Президент Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан Президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир