Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичпен келіссөз жүргізді

Фото: Ақорда / пресс-служба Акорды
Фото: Ақорда / пресс-служба Акорды
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Подгорица қаласында Қазақстанның Консулдығын ашу жоспары туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кездесу барысында Президент Қазақстан Черногорияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Подгорица қаласында Қазақстанның Консулдығын ашу жоспары туралы айтты. Бұл қадам екі ел арасындағы іскерлік және тұлғааралық байланыстарды дамытуға тың серпін береді.

– Біздің елдеріміздің арасы жақындай түсті. Себебі азаматтарымыз Астанадан Подгорицаға тікелей әуе рейсімен ұшады. Жыл сайын 40 мыңнан астам адам визасыз режимді пайдаланады. Қазақстан азаматтары Черногорияға еңбек демалысын өткізу үшін ұшып барады. Әрине, бұл елдеріміз арасындағы гуманитарлық байланыс пен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді. Біз Подгорицада өз Консулдығымызды ашуды жоспарлап отырмыз. Аталған салалардағы оң нәтижелерге, әсіресе экономикалық ынтымақтастықтағы жетістіктерге қарай сіздің еліңізде елшілігімізді ашуымыз мүмкін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров